Бүгін білім бөлімінің жоспарына сәйкес Наурыз мейрамы қарсаңында “Жас шеберлер” жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге ата-аналар клубатырының мүшелері қатысты.
Жәрмеңкенің басты мақсаты ата-аналармен қарым-қатынасты жақсарту, ата-аналар клубтарының жұмыс нәтижесін көрсету.
Жәрмеңке әр түрлі бағыттағы ата-аналар клубтарына саяхаттау формасында өткізілді.
Жәрмеңкеде келесі бағыттар бойынша таныстырылды: гобелен, тігу, бисер, киіз басу; ағашты өңдеу, сүйек өңдеу, тері өңдеу; ұлттық киімдерді тігу, оригами, аппликация, квиллинг, үй жиһаздарын безендіру және кондитерлік бұйымдарды дайындау.